«AMANAT» партиясының мүшелері ПМХЗ болды

«AMANAT» партиясының мүшелері ПМХЗ болды

«Аманаттықтар» Павлодар мұнай-химия зауытындағы бастауыш партия ұйымының қызметімен және жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова, облыстық мәслихат депутаттары Байғабыл Майкотов, Раушан Даумова, "Элпида" грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Ифандопуло Павлодар мұнай-химия зауытында болып, кәсіпорынның бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Партияның өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова жергілікті БПҰ – ның белсенділігін жоғары бағалап, ПМХЗ бастаушысы құрамында 900-ден астам қызметкері бар өңірдегі ең ірі партиялық ұйымдардың бірі екенін атап өтті.  БПҰ мүшелері кәсіпорында табысты жұмыс істеп қана қоймай, түрлі әлеуметтік бастамаларға қатысады. Мәселен, ПМХЗ қызметкерлері «Мектепке жол» акциясын қолдап, өрт кезінде Семей тұрғындарына көмек көрсетіп, жергілікті ЖЭО-да апат кезінде Екібастұз тұрғындарына қол ұшын созды. 

Сондай-ақ, Айгүл Мәлікова көшпелі қоғамдық қабылдау өткізу шеңберінде мұнай-химия зауытының бастауыш партия ұйымының мүшелерінен бұрын келіп түскен барлық өтініштер қаралып, орындалғанын хабарлады. Бұл өңірді абаттандыру, аулаішілік жарақтандыру, қоқыс мәселелері болатын.

Облыстық мәслихат депутаты Байғабыл Майкотов БПҰ құрамындағы жастардың көптігіне назар аударды. Ол оларды белсенді болуға және елдің қоғамдық өміріне қатысуға шақырды. 

Партия мүшелері еліміздің дамуына және халықты қолдауға бағытталған "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы", "Халыққа көмек", "Ардагерлерді ардақтайық" жобалары туралы айтып берді.

Мұнай-химия зауытының БПҰ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мирас Хамитов әріптестеріне және "AMANAT" партиясының басшылығына алғысын білдіріп, партиялық жарналардың 20% қайтару тәжірибесін енгізу арқасында БПҰ көптеген бастамаларды іске асыра алғанын атап өтті. Ол сондай-ақ ұйымның халық пен партияның мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысын жалғастыруға дайын екендігін атты.