19 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады

19 желтоқсанда  Павлодар облысында қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні облыста  ауа температурасы -5...-10 °C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі.

Павлодарда күн бұлтты, қар, бұрқасын болжанады. Сынап бағанасы күндіз -6...-8°C-ты көрсетеді.