20 наурызда Павлодар облысының аспанын бұлт торлайды

20 наурызда Павлодар облысының аспанын бұлт торлайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -3...-8°C дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы 0...+5°C. Жауын-шашынсыз. Оңтүстік пен шығыста тұман сақталады.

Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге дейін жетеді.

Ал Павлодар қаласында түнде -4...-6°C болса, күндіз +1...+3°C болады деп болжануда. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.