20 сәуірде Павлодар облысында тұман болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста, солтүстік-батыста, республиканың қиыр шығысында жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжанады, жауын-шашын күтілмейді.
Түнде сынап бағанасы -13...-18, облыстың солтүстігінде -8°C, күндіз -1...+4, солтүстікте +8°C дейін көрсетеді.
Желдің жылдамдығы 5-10 м / с құрайды.