21 ақпанда Павлодар облысында боран болады

Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде де қар жауады.
Өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды.
Түнде -15...-20, облыстың батысында -23, күндіз -5...-10 градус аяз болады.