Павлодар облысында АӘК тағайындауға құжаттарды қабылдау басталды
Кедейлік шегінің мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 1 қазаннан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төртінші тоқсанға тағайындауға құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады. Өңір бойынша кедейлік шегінің мөлшері төртінші тоқсанда 37 007 теңгені құрайды, күнкөріс шегінің ең төмен деңгейі ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 52 867 теңге болды.
АӘК алуға үміткер адамдар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіне алады. Сондай-ақ баламалы негізде ЭЦҚ-мен үйден шықпай-ақ «Электрондық үкімет порталы» арқылы өтінім беруге болады.
Интернетке қолжетімділігі жоқ адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтардың, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтерінің әкімдіктерінің жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды.
Өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет.