22 маусымда Павлодар облысының тұрғындарын 41°C-қа дейін ыстық күтіп тұр
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +18...+23°C. Жауын-шашынсыз. Күндіз қатты ыстық +33...+38°C, облыстың оңтүстігінде 41°C-қа дейін.
Павлодарда түнде +19...+21°C. Бұлттылығы аз, жауын-шашынсыз. Күндіз қатты ыстық +35...+37°C. Бұлттылығы аз, жауын-шашынсыз.