25 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз сынап бағанасы 0...-5 °C-ты көрсетеді. Облыстың батысында, солтүстінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Павлодарда ауа температурасы күндіз -3...-5 °C-қа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, қар ауа райы күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады.