Үй өртенді: Павлодар ауданында ауыл әкімі теріс әрекеті үшін қатаң сөгіс алды

Өртенген үйдің ішінде әйел қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар ауданы прокуратурасының мәліметінше, 9 мамыр – Жеңіс күнінде бір ауылдық округ әкімі тұрғынға азық-түлік салынған дорба мен 0,5 литрлі арақ берген. Ер адам ішімдік ішіп, өз үйінің өртеніп кетуіне жол берген еді. Кейіннен тұрғынның жұбайы үйдің ішінде болып, өрттен қайтыс болғаны анықталды.
– Әкім жасаған іс-әрекет жалпы қабылданған моральдік нормаларға қайшы келеді. Мемлекеттік қызметшілер қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуға тиіс, – деді Павлодар ауданы прокуратурасында.
Прокурорлық акті бойынша ауылдық округ әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.