Павлодарда 95 жастағы науқасқа ота жасалды

Павлодарда 95 жастағы науқасқа ота жасалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ота жоғары білікті хирургтың араласуын қажет етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық №1 ауруханасында алғаш рет ерекше операция – шағын инвазивті алдыңғы тікелей қолжетімділікпен жамбас буынын эндопротездеу жасалды.

Бұл отаның бірегейлігі – науқас Галина Харченконың жасы жүзге таяп қалғанында болды.

Аурухана мамандарының айтуынша, бұл – қазіргі заманғы, минималды инвазивті хирургиялық әдіс, мұнда дәрігер санның алдыңғы бетінде кішкене тілік жасап, ірі бұлшықеттерді кесіп өтпей-ақ буынға жетуге мүмкіндік алады.

– Біз науқастың жасын және оның жалпы жағдайын ескердік. Ота сәтті өтті. Қазір науқас палатада оңалтуда жатыр. Жақында ауруханаға жүргізілген реконструкция аясында бізге көпфункциялы, түрлі құрал-жабдықтары бар жаңа ортопедиялық операциялық үстелдер әкелінді. Бұл отада да олар үлкен көмегін тигізді, – деді медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары Кеңес Ақылжанов.

Бұл операция әдісі жарақаттың аздығымен, науқастың жылдам қалпына келуімен, отадан кейінгі ауырсыну мен буынның шығу қаупінің төмен болуымен ерекшеленеді.

Галина Харченко дәрігерлерге кәсіби шеберлігі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.