Павлодар облысында үш градусқа дейін үсік жүреді

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 16 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +2...+7°С, аяз аймағының солтүстігінде болмақ: 1 градус үсік жүреді, ал күндіз +13...+18°С-қа дейін жылынады.
17 қыркүйекте де жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +13...+18°С-ты көрсетеді.
18 қыркүйекте найзағай ойнап, тұманды болады. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +15...+20°С-қа дейін жылынады.
19 қыркүйекте облыстың шығысында жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді.
20 және 21 қыркүйекте жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +16...+21°С-қа дейін жылынады.