25 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

25 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертен қар мен жаңбыр аралас аздаған жауын-шашын жауады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14, екпіні 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы болады.