Павлодарда "Batyr mall" сауда орталығы аумағына кіретін жол уақытша жабылды

Павлодарда "Batyr mall" сауда орталығы аумағына кіретін жол уақытша жабылды

Сауда үйінің маңында жолды қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, Қамзин-Циолковский көшелерінің жүретін жолын қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Циолковский көшесінен "Batyr mall" сауда орталығы аумағына кіретін жол уақытша жабылды

- Қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейтін болады. Аталған учаскедегі автокөлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауларын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша аталған жол учаскесінің жабылу уақыты сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін