26 қаңтарда Павлодар облысында қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы -15…-20 °C, облыстың солтүстігінде, шығысында -25 °C-ты көрсетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады.
Павлодарда ауа температурасы күндіз -15…-17 °C-қа дейін төмендейді. Қар жауып, бұрқасын, тұман күтіледі.