Павлодар облысында Астана күні қалай аталып өтіледі?
Конценттер таңертеңнен кешке дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
6 шілде күні Павлодар облысының барлық қала мен ауданында Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңір тұрғындары мен қонақтарына конценттер, көрмелер, мәдени бағдарламалар және ойын-сауық кештері ұсынылады.
Павлодар қаласы:
11:00-де Теміржолшылар шағынауданы клубында «Жаса, Астана!» іс-шарасымен басталады.
19:00-де Ertis Promenade сахнасында облыстың шығармашылық ұжымдары қатысатын басты мекерекелік концерт өтеді.
Ақсу қаласы:
12:00-де тарихи-өлкетану музейінде елорда күніне арналған мәдени бағдарлама ұйымдастырылады.
Екібастұз қаласы:
19:00-де «Өнер» мәдениет және мәдени-спорт кешенінде «Елорда – Тәуелсіздіктің тұғыры» атты мерекелік шара өтеді.
Сонымен қатар, аудан аймақтарындағы мәдениет үйлерінде де тақырыптық бағдарламалар өтеді. Қонақтарға «Әнге бөленген Астана» мерекелік бағдарлама, «Жаңарған, жайнаған Астана!» атты концерттік бағдарлама және би кеші, «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» атты мерекелік концерт, көрме, «Асқақтай бер, Астанам!» мерекелік концерт және «Астана – атағы әлемге жеткен бас қала» атты елорда күніне арналған мерекелік концерттер ұсынылады.