26 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

26 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. 

Оңтүстік-батыс желі 9-14, түнде батыста 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5 градус көрсетеді. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстік-батыс желі 9-14, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с құрайды. 

Сынап бағанасы түнде 3-5 аяз, күндіз 1-3 көрсетеді.