Павлодарда жанжалдасқан ерлі-зайыптылар жазаланды
Іс материалы сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы оңтүстік полиция бөлімінің полицейлері кезекті отбасылық жанжал жағдайын қарастырды.
– Н.Назарбаев даңғылы бойында ерлі-зайыптылар жанжал шығарған. Кейіннен ол төбелеске ұласты. Сот-медициналық сараптама ерлі-зайыптылардың екеуіне де тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, олардың бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды,– деді Павлодар қаласы ПБ учаскелік полиция аға инспекторы Асылбек Көкішев.
Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша ерлі-зайыптыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа қаралу үшін жіберілді.