Павлодарда үздік учаскелік полиция пункті анықталды

Павлодарда үздік учаскелік полиция пункті анықталды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Облыс орталығында он алты учаскелік полиция пункті қоғамдық тәртіпті сақтайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына деген халықтың сенім деңгейін арттыру, учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы кәсіби шеберлік пен тиімділік туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында полиция басқармасында жыл сайынғы «Үздік қалалық учаскелік полиция пункті» және «Үздік ауылдық учаскелік полиция пункті» конкурстары өткізілді.

Байқау 13 қыркүйектен бастап әлеуметтік желіде Павлодар қаласының тұрғындарының дауыс беруі арқылы өткізілді. Байқау екі кезеңде өтті. Учаскелік полиция пунктінің жұмысы туралы халықтың пікірлері ғана емес, бүкіл пункттің профилактикалық қызметі, оның ішінде азаматтардың өтініштеріне ден қою да ескерілді.

Соңғы кезеңде заңнаманы білу бойынша тестілеу өткізілді. ҚР Конституциясы, заңдар, Әдеп кодексі бойынша әр блокта 10 сұраққа жауап беру қажет болды. Емтихан соңында әңгімелесу өткізілді, содан кейін ғана конкурстың жалпы қорытындылары шығарылды. 

–  «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасын іске асыру аясында жергілікті полиция қызметін кезең-кезеңімен реформалау және жұмыстың сервистік моделіне көшу жүріп жатыр. Бұл жұмыста учаскелік полиция инспекторларының қызметіне ерекше назар аударылады, учаскелерді сапалы даярлауға көп көңіл бөлінеді және мұндай конкурс полицейлердің өзін-өзі дамытуы мен жетілдіруіне ынталандыру болады, – Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Солтүстік полиция бөлімінің №4 учаскелік полиция пункті, жауапты – полицияның жауапты майоры Ержан Манғасаров, екінші орынды Оңтүстік полиция бөлімінің №9 учаскелік полиция пункті, жауапты –  полиция майоры Жәнібек Әлпиев иеленді. Полиция майоры Азамат Махватов жауапты Оңтүстік полиция бөлімінің №10 ППБ  «Павлодар қаласы полициясының ең үздік учаскелік пункті» болып танылды. «Үздік ауылдық учаскелік полиция пункті» атағына Ленин кентіне қызмет көрсететін Солтүстік полиция бөлімінің №7 пункті ие болды. Жауапты – полиция капитаны Азат Оразалин. 

Жүлдегерлер грамоталармен және ауыспалы вымпелмен марапатталды.