27 ақпанда Павлодар облысында күн бұлтты болады
Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 3-5 градус аяз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды.
Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды. Тек атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың батыс жартысында қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болады.
Еліміздің қиыр солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Республика аумағы бойынша тұман түседі, жел күшейеді.