Павлодар облысында жұмыртқа бағасы өсті
Облыстық статистика департаменті 2023 жылғы қазан айындағы инфляция туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ведомство ұсынған мәліметтерге сүйенсек, азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасының 1,9%-ға, оның ішінде күріш 1,6%-ға, макарон өнімдері – 1,3%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны 0,7%-ға қымбаттағаны байқалды.
Ет бағасы – 0,6%, оның ішінде жылқы еті – 1,9%, сиыр еті – 0,8%, шошқа еті 0,7%, шұжық өнімдері бағасы – 0,4%-ға, балық және теңіз өнімдері 1%-ға, жұмыртқа бағасы – 6%, кондитерлік өнімдер – 2,6%, май және тоң май 0,8% өсті.
Көкөніс және жемістер ішінде алма бағасы – 16,8%, басты пияз – 11,4%, картоп – 5,8%, қырыққабат бағасы – 5,7%, сәбіз 1,3% арзандады.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша киім және аяқ киімдер – 1,7%-ға, фармацевтикалық өнімдері – 1%-ға, шыны бұйымдары, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар – 0,6%-ға, автомобильдер 0,5%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтеріне электроэнергиясы 24,8%-ға, амбулаторлық қызметтер 0,6%-ға, көлік қызметтері және білім беру қызметтері 0,3%-дан қымбаттады.