Күздің алғашқы күні Павлодар облысында жаңбырлы болмақ

Күздің алғашқы күні Павлодар облысында жаңбырлы болмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 1 қыркүйекте сынап бағанасы күндіз +13...+18 °C-ты көрсетеді. Жаңбыр жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Павлодарда ауа температурасы күндіз +16...+18 °C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.