29 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, жел соғады

29 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, жел соғады
Фото: Константин Шелков

Бейсенбі күні түнде солтүстікте, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, шығыста, облыстың солтүстігінде найзағай болады. Батыстан соққан жел 9-14, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 22-27 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы ауыспалы бұлттылық, түнде жаңбыр болады. Батыс желі 9-14, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус ыстық болады.

Павлодар облысының шығысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.