30 шілдеде Павлодар облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +13...+ 18°C. Күндіз + 27...+ 32°C. Өңірдің батысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +15...+ 17°C, күндіз + 30...+ 32°C көрсетеді. Бұлтты, жаңбыр, найзағай болжанады.