Ақтоғайда Ауғанстаннан әскер шығарылғанына 35 жыл толуына орай көшеттер егілді
Бұл аудан аумағында экологиялық орта құру мақсатында жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақтоғай ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу бойынша және Ауғанстаннан әскер шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябағында 35 көшет отырғызылды. Іс-шараның демеушісі ауған соғысының ардагері Махмет Смағұлов болды.
Ағаш отырғызу іс-шарасына аудан әкімі, аудандық прокуратура, сот, мектеп оқушылары, депутаттар, ардагерлер, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік мүшелері, полицейлер, ҚР әскер қатарына шақырылушылар, Төтенше жағдайлар бөлімі, «Ақтоғай-Агро» ЖШС, «Агро-Терра» ЖШС, аудан имамы, Ауған жауынгерлерінің туыстары, жастар қатысты. Көшеттерге отырғызған адамдардың есімдері берілді. Олар үшін концерт ұйымдастырылып, ыстық шай мен бауырсақ таратылды.
Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, аталмыш акция қоршаған ортаға жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу және бей-жай қарамайтын азаматтарда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.