3 шілдеде Павлодар облысында күн ашық болады

3 шілдеде Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +13...+18, күндіз +29...34 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +16...+18, күндіз +31...33 көрсетеді.