3 сәуірде Павлодар облысында күн жылынады
Күндіз ауа температурасы +17°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -2...+3°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Күндіз +12...+17°C, облыстың оңтүстігінде +20°C дейін жылынады. Жауын-шашын болмайды. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман сақталады.
Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде 0...+2°C, тұман. Күндіз +14...+16°C. Аспан аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман болуы мүмкін.