Павлодар облысында жастар арасында Stand-up өтеді

Павлодар облысында жастар арасында Stand-up өтеді
Фото: pixabay

Павлодар облысында жастар арасында Stand-up өтеді 

Stand-up кеші 29 мамыр күні болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Сәрсенбі күніне жоспарланған кеш сағат 17:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.

Қатысушылар 2024 жылғы 23 мамырға дейін  Stand-up кешіне қатысуға растау-өтінім қалдыра алады және толық ақпаратты 8 (747) 370 90 85 телефон нөмірі арқылы білуге болады.