4 мамыр күні Павлодар облысында күн ашық болады

4 мамыр күні Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы күндіз ...+22°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +4...+9°C. Күндіз +17...+22°C жылы болады. Өңірде жауын-шашын күтілмейді.

Аймақта желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге дейін жетеді.

Ал Павлодар қаласында түнде +5...+7°C. Күндіз сынап бағанасы +20...+22°C дейін көтеріледі. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.