Павлодарда бес мыңнан астам тұтынушы электр қуатынсыз отыр
Оның төрт мыңнан астамы жеке тұлғалар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеуінше, қазіргі уақытта 5237 тұтынушы электр қуатынсыз отыр. Оның ішінде 4986 жеке тұлғалар болса, 251-і заңды тұлғалар.
Электр желісі келесі беріліс жолдарында өшірілген:
1. 19 Солтүстік қала ( Н.Назарбаев – Лермонтов – Бұқар Жырау – Торайғыров көшелерінің ауданы).
2. 3 Оңтүстік қала (Ворушин – Циолковский көшелерінің ауданы).
3. 20 Орталық қала (Катаев – Ак. Шөкин – Н. Назарбаев – Толстой көшелерінің ауданы).
4. 32 Орталық қала (Толстой – Кіші айналма жол көшелерінің ауданы).
5. 110 Батыс қала (Радиозавод маңында).
Бұдан бөлек, қаладағы жаңбыр суын соруға 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Қала және қала маңындағы ақауларды жоюға 19 адам мен 5 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Жылу және су желілерінде ақаулар анықталған жоқ. «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Павлодар су арнасы» ЖШС штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдейміз.