4 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +17...+22, күндіз +32...+37 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +19...+21, күндіз +32...+34 градус көрсетеді.