Екібастұз жастары депутат бола алады
Жастар мәслихаты депутаттығына 16-35 жас аралығындағы жастар сайлана алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, жастар мәслихатының депутаттығына сайлау өткізіледі.
Мақсаты: Екібастұз жастарының рухани күш-жігерін арттыруға ықпал жасай отырып, сөз бостандығы мен ой бостандығын қалыптастыруға атсалысу.
Міндеті: Жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы тиісті органдарға жеткізу болып табылады.
Жастар мәслихатының құрылымы:
жастар мәслихаты депутаттығына 16-35 жас аралығындағы жастар сайлана алады;
жастар мәслихаты депутатының өкілеттігі 2 жыл;
Екібастұз қаласы Жастар мәслихат депутаттарына төсбелгі (мандат), куәлік табысталады.
Жастар мәслихат депутаттарына үміткерге қойылатын талаптар:
түйіндеме (мемлекеттік тілде);
3*4 (2 дана) және 10*15 (1 дана) фотосурет;
өмірбаян, мінездеме;
сайлауалды бағдарламасы;
кемінде 2 ұсыным хат;
жұмыс орнынан анықтаманы портфолио түрінде;
жетістіктер (диплом, алғыс хаттар) көшірмелері.
Екібастұз қаласының жастар мәслихаты депутаттығы кандидаттарына арналған жұмыс жоспары:
кандидаттарды тіркеу – 9 наурызға дейін;
кандидаттарды оқыту – 12-13 наурыз аралығы;
агитациялық жұмыстар – 14 наурыз 8 сәуір аралығы;
кандидаттар арасында пікірталас – 11 сәуір;
сайлау күні – 14 сәуір.
Бір мандат бойынша 2-ден жоғары кандидат болады.
Дауыс беруге 14-35 жас аралығында жастар қатысады.
Жастар мәслихатына 15 жас депутат болып сайланады.