5 ақпанда Павлодар облысында боран болады
Облыстың солтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -7...-12 градус, күндіз -2...-7 градус, облыстың шығысында -10 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Сынап бағанасы түнде -7...-9, күндіз -3..-5 градус көрсетеді.