6 ақпанда Павлодар облысында күн жылынады

6 ақпанда Павлодар облысында күн жылынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз -3...+2 °C-ты көрсетеді. Қар аралас жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодарда ауа температурасы күнідіз 0...+2 °C болады. Бұлтты, жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.