6 тамызда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 6 тамызда ауа райы +18...+23 °C-қа дейін жылынады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз +20...+22 °C-ты көрсетеді. Күн бұлтты болып, жаңбыр жауады.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей уақытта 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.