Асайын Байханов шарбақтылықтарды ауданның 95 жылдығымен құттықтады

Асайын Байханов шарбақтылықтарды ауданның 95 жылдығымен құттықтады
Фото ашық дереккөзден

Тамырын тереңнен тартқан Шарбақтының тарихы 1928 жылы орталығы Вознесенское ауылымен Володарский ауданы құрылған кезден бастау алады. Үш жылдан кейін Шарбақты атауына өзгертіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Шарбақты ауданының 95 жылдығына арналған тілегін өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Бүгінде Шарбақты ауданы - өзіндік дәстүрлері, қызықты мәдениеті және жоғары экономикалық әлеуетімен қарқынды даму үстіндегі аудан. Өлкенің мақтанышы - Шалдайдағы ерекше таспалы қарағайлы орманы және облыстан тыс жерлерге де танымал шарбақтының Маралды емдік көлі. Бірақ, ауданның басты байлығы — қажырлы еңбек пен туған жерге деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған тұрғындары.

Құрметті Шарбақтылықтар, сіздерге және жанұяларыңызға амандық, баянды бақыт және мықты денсаулық тілеймін! Ал, кішкентай отандарыңызға - өркендеу! Мереке құтты болсын, - деп жазды Асайын Байханов.