6 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады

6 қазанда Павлодар облысында  күн ашық болады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде 0...+5 градус болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағанасы +15...+20°C көрсетеді.

Павлодарда түнде +1...+ 3, күндіз + 17...+ 19°C жылы болады. Аздаған бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.