7 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, облыста түнде ауа температурасы 0...+5°С, күндіз +15...+20°C көрсетеді.
Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +2...+4°C, күндіз +16...+18°C көрсетеді.