Павлодар облысында заңсыз көші-қонға қарсы тұру бойынша ЖПШ басталды
Шетелдіктердің құқығын бұзатын тұлғаларды анықтау рейдтері жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5–9 қараша аралығында өңір аумағында «Нелегал» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қонға қарсы тұру.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіруін ұйымдастыру, олардың жүріп-тұруы мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұза отырып еңбек қызметін жүзеге асыруы саласында әрекет ететін тұлғалар мен қылмыстық топтарды анықтауға және жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізетін болады.