8 сәуірде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Түнде +4...+9, күндіз +15...+20, облыстың оңтүстік-батысында +12 градус жылы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, таңертең және түстен кейін облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде +4...+9, күндіз +15...+20, облыстың оңтүстік-батысында +12 градус жылы болады.
Павлодар қаласында күн бұлттанып, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Сынап бағанасы түнде +5...+7, күндіз +18...+20 градус көрсетеді.