8 қыркүйекте Павлодар облысында жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-18 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +9…+14°C болады. Жауын-шашынсыз. Күндіз +25…+30°C-қа дейін жылынып, жауын-шашын болмайды.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +28…+30°C болады. Ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз.