Павлодар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» филиалының мәліметі бойынша, 5 желтоқсанда облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күтіледі. Сонымен қатар, 7 желтоқсаннан бастап Павлодар облысы бойынша түнде температураның -34, күндіз -27 градусқа дейін төмендеуі, қар түрінде жауын-шашын, боран, кей жерлерде жаңбыр және қатты көктайғақ күтіледі.
Мұндай ауа райы кезінде жол-көлік оқиғаларының орын алуы, ғимараттардың төбелерінен мұздақтардың, ғимараттар мен құрылыстардың әлсіз нығайтылған элементтерінің құлауы ықтималдығы артады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
- Жолдардағы апатты жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыздар.
- Көктайғақ кезінде сырғанамайтын табаны бар аяқ киім киіп, мүмкіндігінше қауіпті жерлерді айналып өтіңіздер. Жарақат алған кезде жедел жәрдем кызметіне 103 нөмірі арқылы хабарлаңыздар.
- Сыртта тым ұзақ болмауға және жылы киініп жүру.
- Жел күшейген жағдайда сыртта жүргенде жақын маңдағы электр желілерінен аулақ болу.
- Үйлердің карниздерінен, шыны витриналардан, жарнамалық стендтерден аулақ болу, шатырлар мен ағаштардың жанында тұрмау, олардың жанында көліктерді қоймау.
- Алыс қашықтыққа шықпас бұрын «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жоспарлаған бағыттағы жолдың ашық екеніне көз жеткізіңіздер. Дауыл туралы ескерту алған кезде сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс.
Төтенше жағдайлар кезінде және шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне қоңырау шалу қажет.