Аққулы ауданы тас жолында өрт кезінде ірі қаралар құтқарылды
Омбы-Майқапшағай автожолында фура маркалы көлік жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпан күні сағат 08:36-да хабарлама түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 12 шаршы метр алаңда автокөлік тіркемесі қаптамасының жанып жатқанын анықтап, жалынды сөндірген.
– Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 20 бас ірі қара мал эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, – дейді департаментте.
Құтқарушылар басқа көлік келгенге дейін шаруа қожалығына 35 бас ірі қара малды орналастыруға көмектесті. Автокөлік Тәжікстаннан Ресейге бет алған.