Павлодарлық аналар қиын сәтте қандай орталықтарға жүгіне алады?

Павлодарлық аналар қиын сәтте қандай орталықтарға жүгіне алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көмек тегін көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева Instagram парақшасында қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға психологиялық және заңгерлік көмекке жүгінуге кеңес беретін видео жариялады.

Облыс орталығында әйелдерге тегін көмек көрсетуге дайын екі орталық жұмыс істеуде. Бұл орталықтарды бірнеше күннен бірнеше айға дейін паналап, емделуге болады.

«Ана үйі» қиын жағдайға тап болып, баласын тастап кетуді көздеген 30 жасқа дейінгі жас келіншектерге көмек көрсетеді. Жүктіліктің үшінші триместріндегі немесе 18 айға толмаған бір ғана баласы бар әйелдер де қабылданады. Сенім телефоны: 8 (800) 080 77 71.

Әйелдер орталығының сенім телефоны жұмыс істейді: 54 03 03 немесе 62 55 85.