Аққулы ауданының ауруханасы кәсіпкерлерге 18 миллионнан астам теңге қарыз болды
Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, талдау барысында аудандық аурухананың кәсіпкерлік субъектілері алдындағы шарттық міндеттемелерін ұзақ уақыт орындамауының көптеген фактілері анықталды.
– Кейбір қызметтер мен тауарларды жеткізушілер бес жылдан астам төлемдерді ала алмады. Оған медициналық мекеменің бөлінген қаржыны жұмсауды қате жоспарлауы себеп болған. Прокуратураның актісі бойынша барлық сексен үш кәсіпкермен 18 млн. теңгеден астам толық есеп айырысу жүргізілді.
Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды.