Аққулыда мотоциклмен аударылған жасөспірім тікұшақпен Павлодарға жеткізілді
![Аққулыда мотоциклмен аударылған жасөспірім тікұшақпен Павлодарға жеткізілді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202306/image_750x_64900827de5ca.jpg)
2007 және 2008 жылы туған екі жасөспірім мотоциклден құлау салдарынан зардап шеккен, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Олардың бірі өте ауыр жарақат алды. Баланың бас сүйегінің сынған.
– Бас сүйегінің негізі сынған жасөспірімді тасымалдау үшін медициналық авиация қажет болды. Аудан орталығына медавиация мамандары реанимобильмен келді, бірақ баланы шұғыл және мұқият жеткізу қажет болған соң тікұшақ шақырылды, – деп атап өтті станция бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Екі науқасқа шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды.