Ақсу қаласы маңында шүберек тиелген тіркеме жанып кетті
Өрт 20 шаршы метр алаңды қамтыды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпанда сағат 18:21-де Ақсу қаласының маңында, Көктас ауылынан бес шақырым жерде Атамекен-Ақсу автожолында жүк көлігінің тіркемесі жанған. Жүк көлігі шүберек тасыған.
– Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 19:37-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жеке құрамнан бес адам және екі техника жұмыс істеді, – дейді департаментте.
Төтеншеліктер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.