Ақтоғай ауданында суару жүйесіндегі апат жойылды

Ақтоғай ауданында суару жүйесіндегі апат жойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құбыр жарылғаннан кейін су беру толық көлемде қалпына келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазСуШар» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылындағы суару жүйесінде болған апаттың салдары толық жойылды.

Кәсіпорынның мәліметінше, 3 шілдеде диаметрі 600 миллиметр болатын магистральдық су таратқышта жарылыс болған. 4 шілде күні сағат 14:00-ге дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, сумен жабдықтау қайта қалпына келтірілді.

Қазір Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылындағы суару нысаны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Жангөбек» ЖШС-нің 320 гектар суармалы алқабына су толық көлемде беріліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде «Жаңғобек» серіктестігінің егістіктеріне су жетпей жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. «ҚазсСуШар» РМК Павлодар филиалы қазіргі уақытта нысанның жұмысына қатысты ешқандай ескерту жоқ екенін хабарлады.