«Алтын доп» болашақ павлодарлық Джордандарға жол ашады
Лига биыл төртінші жыл өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру басқармасының өңірлік дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының басшысы Бақтияр Түсіповтің айтуынша, «Алтын доп» баскетбол жарысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында өткізілуде.
- Жарыс он спорт түрі және үш жас аралығы бойынша өткізіледі. Оған 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушыларынан құралған ер және қыз балалар командалары қатысады. Солардың бірі – баскетболдан «Алтын доп» жарысы өткізіледі, - дейді Бақтияр Түсіпов.
Финалдық республикалық деңгейге жету үшін мектеп оқушылары үш кезеңнен өту керек: мектепішілік, аудандық/қалалық және облыстық. Үш жыл ішінде павлодарлық спортшылар біраз жетістіктерімен мақтана алады. Мысалы, былтыр №26 мектептің 7-8 класс қыздары республикалық сында үшінші орынға ие болса, сол мектептің 7-8 сыныптардың ерлер командасы тіпті ел чемпионы атанды. Спортшыларды Владимир Васильев жаттықтырады.
2023 жылы Ертіс ауданының №4 мектебінің 5-6 сынып командасы финалдық кезеңде төртінші орын алды.
Қазіргі кезде «Алтын доптың» аудандық/қалалық жарыстары өтуде. Облыстық кезең наурыз-сәуір айларында, ал республикалық сәуір-мамыр айларында өтеді.
Баскетболдан бөлек, «Ұлттық мектеп лигасына» гандбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетикалық кросс, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннис, бес асық, асық ату секілді спорт түрлері кіреді.