Павлодарда алкоголь сатқан кәсіпкерлер жазаланды

Павлодарда алкоголь сатқан кәсіпкерлер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Материалдар шара қабылдау үшін сотқа жіберілді,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасын іске асыру аясында тәптіп сақшыларымен мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

– Учаскелік полиция инспекторлары жедел қызметтермен бірлесіп, есепке алынатын адамдарды, күмәнді және жалдамалы пәтерлерді тексерді. Азаматтармен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру барысында алкоголь өнімін сату саласындағы заңнаманы бұзу фактілері жойылды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Учаскелік инспекторлар сағат 01.00 шамасында Минин көшесіндегі дүкенде алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату фактісін тоқтатты. Сол сияқты сағат 23.56 шамасында Ломов көшесіндегі дүкенде учаскелік инспекторлар алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату фактісін тоқтатты. 

Аталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бастап қала аумағында полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 48 фактісінің жолын кесті. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.