Екібастұз криминалистері адам қаңқасына зерттеу жасап, жеке басын анықтады
Ол Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел криминалистикалық басқарманың қызметкерлері қылмыстың ашылуына ықпал еткен 33 зерттеу жүргізген. 2022 жылдың қыркүйегінде Баянауыл ауданының аумағында адам қаңқасы табылып, Екібастұз қаласының жедел криминалистикалық бөлімінің криминалистерінің зертханасы жіберілді. Мүрденің жынысын анықтау мүмкін болмады. Тек бүгілген саусақтарында сақталған терінің бөліктері бойынша ғана бірқатар сараптамалар жүргізілді.
– Адамның жынысы анықталып, ер адамның жеке басы белгілі болды. Ол 1980 жылы туған, бұрын сотталған және іздеуде жүрген Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты, – дейді департаментте.
Криминалистер әртүрлі зерттеулер жүргізеді: құжаттарға дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық, техникалық зерттеулер, суық қаруды зерттеу, полиграфта (өтірік детекторында) психофизиологиялық зерттеулер.
Алынған деректерді жинау және талдаумен арнайы бағдарлама бойынша кәсіптік қайта даярлаудың толық курсынан өткен полиция қызметкері айналысады.
Полиграфтың жұмыс принципі – бұл тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесі белсенділігінің физиологиялық көрсеткіштерін, терінің электрлік белсенділігін және т.б. график түрінде көрсетілетін электрлік сигналдарға аудару арқылы қойылған сұрақтарға жауап ретінде зерттелетін адамның психофизиологиялық реакцияларын бақылауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелер тергеушіге немесе жедел қызметкерге жұмыс бағытын оңтайлы таңдауға көмектеседі.
Бүгінгі күні алынған мәліметтердің дұрыстығына жүз пайыз кепілдік беру туралы айту мүмкін емес, дегенмен американдық полиграфологтар қауымдастығы жүргізген зерттеулер 87-96% жағдайда тергеуге оң әсер еткенін көрсетеді. АҚШ Әділет министрлігімен мәселені тәуелсіз зерттеу тергеушіні дұрыс бағыттайтын ақпарат тексерулердің тиімділігі шамамен 92% екенін анықтады.